Белгілі журналист Михаил Козачков үйқамаққа шығарылды
Өткен жылдың желтоқсан айында қамауға алынған журналист Михаил Козачков үйқамаққа шығарылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлады.
2023 жылғы 18 ақпандағы сот қаулысымен, сотқа дейінгі тергеу органының К.-ға қатысты 2 айлық қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы ( яғни 2023 жылдың 18 сәуіріне дейін), үй қамағына ауыстыру бойынша арызы қанағаттандырылды, деп жазды соттың баспасөз қызметі.
Әзірге сот қаулысы заңды түрде күшіне енген жоқ.
Желтоқсан айында журналист Михаил Козачков екі айға қамауға алынған болатын. 30 қаңтарда оны ұстау мерзімін 18 наурызға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, журналист өзіне тағылған айыптың бәрінің ойдан шығарылғанын, қамауда отырғанына қарамастан іс материалдарымен таныспағанын жазған хат арқылы жолдаған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в