Белгілі айтыскер ақын қайтыс болды
Белгілі айтыскер ақын, бірнеше жыл "Асыл арнада" қызмет еткен журналист Серік Қалиев дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.media.
El.kz ақпараттық агенттігінің жазуынша, ақын кеше кешкілік бақиға аттанған.
Серік бауырым Алласына аттанған екен. Иманды жырларың мен игі амалдарың қабір жолдасың болғай, отбасына һәм туыс-туған, дос-жарандарына Жаратушы Ием сабыр берсін. Бір Алла қамқорына алғай досым. Алла Тағала о дүниеде сауабыңды, дәрежеңді арттырсын және күнәларыңды кешірсін. Алладан келдік, Аллаға қайтамыз, - деп жазды Бекен Қайратұлы
Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. «Өлеңді мектепте оқып жүргенімде жаза бастағанмын,» - дейді ақын. Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.
Поделиться
Читать Arbat media в