Беларусь оппозициясының өкілі 15 жылға сырттай сотталды
Белоруссия оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихоновская сырттай 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Оппозиция өкілі мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеуге кесілген. Ол 2020 жылғы президент сайлауындағы А.Лукашенконың басты қарсыласы болған.
BBC-дің жазуынша, мемлекеттік билікті басып алу жоспарында, экстремистік құрылым құруда және сол экстремистік топты басқаруда, мемлекеттік билікті басып алуда кінәлі деп танылған. Сонымен қатар, Үкімде ол өз мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеуі керек деп жазылған.
Елдегі президент сайлауындағы жаппай наразылықтарға дейін Тихановская аудармашы болып жұмыс істеген болатын. 2020 жылы Светлана Тихановская президент сайлауына оның күйеуі, кәсіпкер және блогер Сергей Тихановский түсе алмағандықтан ғана қатысқан. Қазір оның күйеуі Тихановский 18 жылдық жазасын өтеуде. Оған түрмеде оған колония әкімшілігіне бағынбағаны үшін 1,5 жыл қосылған болатын.