Бекет ата мешіті немесе Оғландыдағы тылсым құпияның сыры
Маңғыстау облысы мұнай өндірісінен бөлек көпшілікке әулиелер мекені ретінде кеңінен танымал. 362 әулие мекен еткен мұнда аталарға деген құрмет халық арасында ерекше сезіледі. Әсіресе, Бекет атаның Оғландыдағы жерасты мешіті мен жерленген орны еліміздегі аса қасиетті орын ретінде зор сипатқа ие болып келеді. Әулие басына тек елімізден ғана емес, көршілес Өзбекстан, Түркіменстан және Ресейлер келіп, зиярат етушілер легі аз емес. Arbat.media тілшісі Маңғыстаудағы Бекет ата басына барып, сол жақтағы жағдаймен танысып қайтты. Сол сапардан арнайы фоторепортажды назарларыңызға ұсынамыз.
Бекет атаның жерасты мешіті мен жерлерген орны Ақтау қаласынан 280 шақырым шақырым жерде орналасқан. Ақтаудан Жетібай кентінің үстінен өтетін жол Жаңаөзен арқылы әулие басына апарады. Жол бойында теңіз деңгейінен -132 тереңдіктегі Қарақия ойысы бар. Жетібайден аса бергенде даланың желінен энергия өндіріп жатқан осындай бағаналарды кездестіруге болады.

Жаңаөзен қаласына жету үшін 160 шақырым жол жүруге тура келеді. Бекет ата басына бару үшін бұл жер тура жол ортасы. Әйлігі мұнайшылар мекенінде тіршілік қыз-қы қайнап жатыр.

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылынан біраз жүргеннен кейін әулиелер зираты кездесе бастайды. Өңірде әулиелердің зираты көп болғандықтан, олардың басына барып, зиярат етушілердің саны жыл бойы толастамайды. Шопан атаның күйеу баласына зиярат еткендер кесененің ішіне кіреді.

Шопан ата күйеу баласының қабірі басындағы ақтық орамал байланған ағаш. Мұнда келгенде ағашқа орамал байлап, тас үстіне ырым етіп тиын қояды.

Шопан ата қорымында үш ғасыр бұрын жерленген адамдар зираты көп. Қабірлерге қарап ертеде қазақ сәулет өнерінің сарқыншақтарына куә боласыз. Мұнда қасиетті саналатын Шопан атаның жерасты мешіті мен зираты бар. Жер астынан тасты қашап салынған төбесі аласа бөлмелердің өзіндік тарихи көп.

Шопан ата қорымы мемлекет қорғауында. Аумақ қоршауға алынып, келген адамдар өздері қонақүй ішінде тамақтануынан мол жағдай жасалған.

Шопан ата басына зиярат етіп келген адамдар легі. Мұнда келгендер әуелі жер асты бөлмелерінің біріне жерленген атаның рухына құран бағыштайды.

Әулие басындағы шырақшы келгендерге тарихы орын туралы әңгімелеп тұр

Ортадағы ағаштың өзіндік мәні бар. Бұл ағаш мешіт ішінде ғасырлар бойы тұрған көрінеді. Ал оның біреу болуы жаратушының біреу екенін білдірсе керек. Ал оған ырым еткен жұрт осылай ақ орамал байлайды.

Аңыз бойынша жерасты мешітінің бір бөлмесіне Шопан ата жерленген. Ол әйгілі Бекет атаның күйеу баласы деп айтылады. Зиярат етіп келген ағайын тар есік арқылы осында өтіп, рухына құран бағыштайды.

Жер асты мешітінің бір бөлмесінің көрінісі осындай. Жерді үнгіп салынған бөлмедегі ауа температурасы өте салқын.

Тарихи орындағы жер асты бөлмесі. Мұндай Шопан атаның жақын туыстары жерлеген.

Бөлме ішінде жерленген адамдар қабірі

Тастан қашалған белгілердің барлығы адам жерлеген орындар. Аталған жерді қайта жөнге келтіру кезінде бастамашылар марқұмдардың бір біріне өте жақын жерленгенін анықтадық дейді.

Шопан ата жерасты мешітінің жоғарыдан қарағандағы көрінісі

Үш ғасыр бұрын жерленген адамдар зираты

Зират арасындағы шөпте жайылып жүрген тасбақа. Осы ретте Маңғыстау облысында құм арасында тасбақаның көп екенін де ерекше атай кеткен жөн.

Аталған қорымға әйлігі Сүгір жыраудың жерленгенін көпшілік біле бермейді.

Қорым ортасында тереңдігі 30 метрге жуықтайтын құдық бар. Кезінде суы мол болған Шопан ата құдығына зиярат етушілер тиын тастай беріп, бүгінде құдықтың суы сарқылуға айналған.

Бекет ата мешітіне бара жолда құм арасында кетіп бара жатқан түйе.

Бекет ата кешенінің сыртқы көрінісі

Зиярат етіп келген жұрт кешендегі осы нысанға түседі. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған бөлек демалатын орын, тамақтану үшін арналған үлкен зал бар. Алыстан ат терлетіп жеткендер әкелген тамағын ортақ дастарханға қояды.

Әулие басына құрбандыққа жылқы әкелкен зиярат етуші. Мұнда көпшілік қой әкеліп сояды. Алайда адамдардың көптігіне байланысты кешен қызметкерлері қойды осында малға қосып, адам санына орай күніне 2-3 қой сояды. "Әркім өзі әкелген қойды соя берсе, мұнда ысырапта есеп болмас еді" дейді кешен қызметкерлері.

Төменге түсіп, Әулие басына баруы үшін осындай құзды аумақты қиялап түсуге тура келеді. Алайда жол қауіпсіз, арнайы тас төселген жол арқылы еш қиындықсыз төмен түсудің бар мүмкіндігі қарастырылған. Тек жоғары шығу аяғы мен белі ауыратындар үшін оңайға соқпайды. Алайда, әр кезең сайын демалатын шатырлар бар.

Жартасты соқпақ жол

Төмен түсіп келе жатқан зиярат етушілердің бір тобы. Мұнда келгендердің арасында өзге ұлт өкілдері де көп кездеседі.

Жол бойындағы жел мен су тескен тастар. Жел соққанда бұл жерден ерекше әуезді үн шығып, адамдарды таңдай қақтырады.

Бекет атаның өмір сүрген жылдары жол бойындағы алып тасқа осылай қашалып жазылыпты. Мұны адамдар ертеректе жазған деседі.

Жол бойындағы әулие бұлағы. Дәмі аздап кермек татитын суға әркім тиын тастайды. Ал бесін кезінде тау басынан арқарлар келіп су ішеді. Адамдардың көптігі олардың мұнда келуіне еш кедергі болған емес.

Жоғарыдан төмен қарағандағы көрінісі

Зиярат етушілер Бекет ата мешіте көтеріліп бара жатыр

Әулие мешіті мен зиратының қасында осындай молалар бар. Мұндағы адамдардың жардың ұшар басына неліктен жерленгенін әркім әрқалай айтады.

Мешіттің төменгі жағына жөндеу жұмыстарын атаның Маңғыстау облысының адамдары жүргізген көрінеді.

Ішке кіре беріс есік. Мұның ішінде үш бөлме бар. Бірінде әулие жерленсе, екінші бөлмеде атаның аса таяғы тұр. Ішкі көріністерді, оның ішінде Бекет ата жерленген бөлмеді түсіруше шырақшы рұқсат бермеді.

Ішке кіргендер таяқты үш рет айналады. Ырымын жасап, ақтық орамал байлап жататындар да табылды.

Төмендегі зираттардың арғы жағында тікұшақ қонатын алаң бар. Мұнда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, еліміздің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің әр жылдары келіп зиярат еткенін адамдар айтып берді.

Зиярат етіп, жоғары аттанған адамдар
P.S. Бекет ата мен Қожа Ахмет Ясауи қазақта ерекше қасиетті әулие саналатыны белгілі. Естігеннен бөлек, олардың басына барудың өзіндік ерекше әсері бар. Бекет атаға барған сапарымызда көптеген ерекше жайттарға куә болдық. Орналасқан жері ерекше табиғатымен көпшілікті таң қалдырады. Одан бөлек үстіртті аймақтың әр тасын түртсе бір тарихтың шығатынын адамдардың айтқан әңгімесінен білдік.