Бейжіңде Қытай мен Франция басшылары кездесті
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arbat.media.
Екі ел басшысының кездесу Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық жиналысы үйінде өтіп, Си Цзиньпин Франция Президентінің үш жылдан кейінгі Қытайға кезекті мемлекеттік сапарын ерекше мақұлдайтынын атады.
Екі тараптың бірлескен күш-жігерінің арқасында қытай-француз қарым-қатынасы оң әрі тұрақты дамуын сақтап, экономикалық қарқын барынша өсіп келе жатыр. Елдер аэроғарыш, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және өзге де салаларда оң нәтижелерге қол жеткізген.
ҚХР Төрағасы Қытай мен Франция климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілік және Африканы дамыту сынды мәселелер аясында да тығыз байланыс ұстанатындығына тоқталған көрінеді.
Синьхуа агенттігінің ақпаратына қарағанда, Қытай тарапы бұл сапардың қытайлық-еуропалық қарым-қатынастың дамуына тың серпін беретіндігінің маңызына сенім артатынын атаған.