Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовтың кәсіби деңгейін атады
“Бауыржан шоу” театрын құрған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовқа кәсіби баға берді, деп хабарлайды Arbat.media.
"Тамаша" сахнасы арқылы танылып, кейін "Бауыржан шоу" деген жеке театр ашқан, актер Бауыржан Ибрагимов Тұрсынбек Қабатовты сынап тастады.
"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында жүргізуші "Тұрсынбек Қабатов сын көтеретін азамат па?" деп сұрады.
Ол сын көтере алмайды-ау. Қабатовты актер емес дегенім, ол кәсіби актер еместігін айтқаным. Мысалы, мен архитектураны бітіріп, өнер хоббиім болса, онда өзімді ешқашан актермін деп айта алмас едім. Біз – дипломы бар кәсіби актерміз. Олар – КВН ойыншылары, анекдот айтатындар. Ол сахнаға шығады, өзінің тыңдарманы бар. Оған еш таласым жоқ. Бірақ ол актер емес. Біз образ істейтін актерміз. Бізді соған оқытқан. Мен бір татардың образын жасау үшін бір сағат бұрын келіп грим жасаймын, -дейді танымал актер.
Белгілі актер Құдайберген Сұлтанбаевты еске алды. Марқұм Бейімбет Майлиннің "Апама айтамын" деген көрінісін қойғанда Құдайберген екі сағат грим жасатқанын тілге тиек етті.
15-20 минутсыз сахнадан кетпеймін. Оның басы бар, аяғы бар. Оны қазіргі жастар түсінбейді. Қабатовтың айтып жүрген әңгімелері 1982-83-жылдары оқуға түсейін деп жүргенде айтқан әзілдеріміз. Ал оқу бітірген соң біз образ жасайтын актерге айналдық, - дейді ол.