Батыс Қазақстанда су тасқынына тосқауыл қою жұмыстары жалғасып жатыр
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Бір күн ішінде өңірде Орал қаласы мен Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарында жүргізілген.
Қазір инертті материал салынған қаптар төсеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6000-ға жуық қап төселді, 84000-ға жуық текше метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша инертті материал салынған 32 000 қап төселді, 420 000 текше метр су сорылды. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталуда, 100-ден астам адам өз үйлеріне оралуда. Бұрын эвакуацияланған 188 адам туыстарының үйлерінде. Жағдай тұақты бақылауда. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізілуде»,-деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Сонымен қатар, өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жағдай тұрақтанды, күштер мен құралдар басқа учаскелерге жіберілуде.
Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағында орналасқан Дерқұл және Шаған өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылдануда.
Оқи отырыңыздар:
- Батыс Қазақстан облысында су тасқынының қаупі жоғарылады
- Батыс Қазақстан облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан кейін отызға жуық тұрғынның өз үйіне қайтып оралғаны туралы айтылды.