Батыс Қазақстанда мектеп оқушысы әкесін жүк көлігімен басып кетті
Батыс Қазақстан облысында жүк көлігін жөндеп жатқан әке баласын көмекке шақырып, абайсызда ажал құшты, деп хабарлайды arbat.media.
Адам өлімен аяқталған оқиға 4 сәуір күні өңірдегі Ақсай қаласында болған. 47 жастағы әкесі үйдің ауласында көлік жөндеп жатқан кезде баласын көмекке шақырған.
Ол көліктің астында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, он жастағы ұлына көлікті оталдырып, тежегіш педалін басуын өтінген. Алайда көлік алға жүріп кетіп, астындағы адамды басып кеткен. Оқыс жағдайдан соң бірден әкесін ауруханаға апарғанымен, жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деді БҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір аталған жағдай бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы 3 бөлігі тіркеуге алынған.
Поделиться
Читать Arbat media в