Новости Казахстана13 марта 2023, 5:28

Батыс Қазақстан облысының бір ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы, Бәйтерек және Тасқала аудандарындағы су тасқыны жағдайына аэровизуалды барлау жүргізді, деп хабарлайды Arbat.media.

Әуеден барлау барысында Деркөл, Шаған және Шежін-2 өзендері мен бассейндерінің жай-күйі зерттеліп, өзендер бойында орналасқан елді мекендердің айналасына мониторинг жүргізілген. Қазіргі уақытта Тасқала ауылындағы Деркөл өзеніндегі су деңгейі 520 см, Шежін-2 өзенінің су деңгейі 761 см. Елді мекендерге қауіп жоқ екені айтылды.

Алайда Бөрлі ауданының әкімі елді мекендерді, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын су басу қаупіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялағаны тарулы жергілікті БАҚ-та жария болды.

Сонымен қатар, Орал қаласы, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жаңақала, Казталов, Сырым және Бәйтерек аудандарында еріген қар суы сорылғаны қосымша хабарланды.  

Орал қаласы, Теректі және Сырым аудандарында қарды шығару жұмыстары жүргізілген Тәулігіне 535 ойық бұрғыланып, 230 м2 мұз кесілген. Сонымен бірге, 690 құм салынған қап төселіп, 2,8 км арықтар, 128 су өткізгіш құбырлар тазартылды. 

БҚО Төтенше жағдай Қар суы Апат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!