Балаларды мектепке қабылдау тәртібі өзгереді
Балаларды мектепке қабылдауға қажет құжаттарды тапсыру мерзімі өзгеруі мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.
Бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжат қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жүзеге асырылады.
Қолданыстағы талап бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардан құжат қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүреді.
Енді ол тамыздан кейін де жалғаса беруі ықтимал. Себебі бұған дейін бекітілген аяқталу уақыты алынып тасталады.
Және де 10, 11, 12-ші сыныптарға оқушылардан құжат қабылдау мерзімі өзгереді.
Поделиться
Читать Arbat media в