Новости Казахстана13 сентября 2023, 14:27

Балаға зорлық-зомбылық дерегін жасырғанға — қатаң жаза

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мектептерде «жеке қауіпсіздік» сабағы енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мектеп мұғалімдерін зорлық-зомбылықтан қорғау және алдын алу тәсілдеріне оқыту, ішкі істер органдары қызметкерлерін оқыту басталады. Заңнама бөлігінде «мектепішілік есеп» ұғымын заңға енгізу, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарланып отыр.

Бұл шараның бәрі білім беру ұйымдарын қауіпсіз ортаға айналдыруға бағытталған кешенді жоспар аясында іске асырылды. Мектептерде «жеке қауіпсіздік» сабақтарын енгізу маңызды. Бұл сабақ оқу жылында және жыл бойынша бірнеше рет қайталанып, балаларды қарапайым тақырыптардан тұратын қауіпсіздік шараларына үйретеді.

Еділ Оспан Оқу-ағарту вице-министрі зорлық-зомбылық қатаң жаза

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!