Азиада спортшысы киім сапасын сынға алды
Азия ойындарына киберспорт бойынша қатысып жатқан Әнуар Халықбергенов спорттық форма сапасын сынға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ZTB.KZ желілік басылымы хабарлайды.
«Көптеген адам форманың сапасы соншалықты төмен бе деп сұрап жатыр. Иә, бәрі шындық. Салыстырмалы түрде поло жейде ғана көңілден шықты, оның да матасы түтіле бастады. Футболкадағы көк ту эмблемасының желімі ажырап жатыр. Сондықтан кимей жүрмін, жылы кофтамен жүруге тура келді. Маған берілген шорты өлшемі өте үлкен, шалбар сияқты көрінеді. Мен еш жүгірмейтін, бір орында отыратын спорт түрі бойынша сынға түсіп жатырмын, сонда да киімдер бір-екі күнде тозып кетті», - дейді Ә. Халықбергенов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Поделиться
Читать Arbat media в