Әзербайжан президенті Астанаға ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2023 жылы 10 сәуірде Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Ақорданың баспасөз қызметінің жазуынша, келесі аптада Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының кездеседі.
Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.
Поделиться
Читать Arbat media в