Азамат Әбілдаев Ресейдің Украина басып кіруіне қаңтар оқиғасы себеп болғанын атады
Депутат кезінде РФ президенті Путинді ашық қолдайтынын білдірген Азамат Әбілдаев Украинаға қатысты соғыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
«Орда с Ахметовой» You Tube арнасында жарияланған сұхбатта Азамат Әбілдаев: Мен неге Владимир Путин мен «арнайы әскери операцияны» қолдаймын? деген тақырыпта әңгіме өрбіткен. Мezgil.kz-тің жазуынша, "Сіз Ресейдің «арнайы әскери операциясын» және РФ-ның президентін не себепті қолдайсыз?», - деген сұрақ экс-депутат бірнеше себепті атаған.
Тарихтан және геосаясаттан аз-кем болса да хабары бар және Ұлы отан соғысының неден басталып, қалай аяқталғанын, одан кейін мемлекеттер арасындағы қатынастың қандай болғанын білетіндер мұның Ресей мен Украина арасындағы емес, глобалистердің Ресейге қарсы ашқан соғысы екенін жақсы түсінеді. Өкініштісі, бұл ретте Украина Батыстың қолшоқпары ғана болып отыр. Украина – соғысты бастаудың сылтауы ғана. Ал осынау соғыста әлемнің тағдыры шешілгелі тұр. Қазақстанның болашағы да осы соғыстың нәтижесіне байлаулы», - дейді.
Бұрын "Ақ жол" партиясының қатарында болған ол «Қаңтар қырғыны» жайлы да пікір айтуды ұмытпады.
Саясатты іштен білетін адамдар «Қаңтардың» әлі аяқталмағанын, былтыр тек «репитиция» өткенін беске біледі. Қазақстанның орналасқан аймағы Батыс үшін Ресей және Қытаймен соғысуға таптырмас жер. «Қаңтар» кезінде біз Украинаның кебін киюге шақ қалдық. Бұл (Украинадағы) соғысты глобалистер бұрыннан ойластырып қойған. Мұны Путин Батыстағы НАТО өрісін Шығысқа қарай кеңіте бастағанда мінберге шыққан сайын үнемі айтып жүрді. Путин НАТО-ның Украинаға қару жарақты бекерден-бекер тасып жатпағанын түсінді. Сол себепті ол 2021 жылдың 21 желтоқсанында Батысқа қару-жарақтарын 1997 жылы қай шекарада тұрса, сонда апарыңдар деп талап қойды, - дейді ол.
Сондай-ақ, ол қаңтар оқиғасының Украинаға Ресей әскерінің кіруіне тікелей себеп болғанын жеткізген.
2022 жылдың 10 қаңтарында Швецария мен Ресей осы себепті кездесуі керек еді. 9 қаңтарда Ресей делигациясы Швецарияға ұшуға дайындалды. Ал «біздің Қаңтар» 4 қаңтарда басталды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның көлеміне сәйкес Путин назарын Украинадан Орталық Азияға аударды. Ресей 21 ақпанда «ДНР» мен «ЛНР-ді» мойындамады. Ал Ресей басышылығы «Қаңтарды» кім не үшін ұйымдастырғанынан хабардар болды. Путин осының бәрін есепке алып отырып, түптің түбінде соғыспай қоймайтынын білді. Сондықтан арнайы әскери операцияны бірінші болып бастады. Міне, АӘО-ның басталуына түрткі болған – Қазақстан («Қаңтар»). Путин 1941 жылдың 21 маусымындағы Сталиннің қателігін қайталаған жоқ, - деді А.Әбілдаев.