Новости Казахстана30 августа 2023, 17:05

Атыраудан әлем аралауға шыққан 73 жастағы қария Грузияға жетті

Атыраудан дүниежүзі елдерін жаяу-жалпы аралау үшін саяхатқа шыққан қария Грузия еліне жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сәрсенбай Қотырашов —Ұлытау облысының тумасы.

Ол Грузия еліне жеткенін Іnstagram-да жариялады.

«Кеше Гудауридегі қонақүйге қонып шықтым. Бұл елде қонақүй, мейрамхана көп екен де, ал азық-түлік дүкенін көрмейсің. Жолы ылдилау, шұғыл бұрылыс көп. Қазір таудың баурайында кетіп бара жатырмын. Жолдың бір жағы – жар, бір жағы – ылди», -дейді қазақстандық саяхатшы.

Тбилисиден 120 шақырым қашықтағы Гудаури – Грузияның астанасы. Тбилисиден көлікпен екі-ақ сағатта жетесің.

73 жастағы қария 2 тамызда Атыраудан жолға шыққан болатын.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Sarsenbay Kotyrashov (@ulytaumen)

 

Сәрсенбай Қотырашов Грузия Саяхат қазақстандық саяхатшы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!