Новости Казахстана16 февраля 2023, 17:50

Атырауда мектеп оқушысын көшеде ит қауып алды

Атырауда сегіз жасар баланы ит қауып алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Мектеп оқушысының басы мен аяғы жараланып, травматикалық шок жағдайындағы Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. 

Atpress.kzтің жазуына қарағанла Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасында 2015 жылы туған бала реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылып, шұғыл түрде ота жасалған. Қазір оның жағдайы қалыпты.  

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оны ит қауып алған. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары басталды. 

Куәгерлердің айтуынша, балаға ит шабуыл жасаған. Өткен жылы Атырау облысында бес жастағы баланы ит талап, өлім аузынан қалған болатын. 

 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!