Атырауда екі күн бойы шаңды дауыл соғып тұр
12 сәуірден бастап Атырау облысында шаңды дауыл соғып тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сәйкес бүгін, 13 сәуірде жел екпіні үдейді, деп хабарлайды Arbat.media.
Дауылдың қашан басылары белгісіз.
Атырау облысында «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сәйкес желдің ұйытқуы секундына 17-22 метрге жетеді. Кей жерлерде секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Шаңды дауыл соғады, - деп хабарлады қоғаммен байланыс тобы.
Қазіргі таңда жел екпіні де, шаңды дауыл да күшейіп тұр.
Еске салай кетейік, Атырауда ауадағы химиялық заттардың нормасы 20 есе артқаны туралы жазғанбыз.
Поделиться
Читать Arbat media в