Новости Казахстана10 апреля 2023, 15:39

Атырау тұрғындары уланып жатыр: ауадағы химиялық заттардың нормасы 20 есе артты

Атырауда кейінгі бірнеше тәуілікте атмосфералық ауада көміртегі, азот дикосиді мен күкірттің жоғары мөлшері нормадан асқан. Күкіртті сутегі шекті нормадана 20 есеге артқан, деп хабарлайды Arbat.media облыстық экология департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы "Шағала" стансасында өткен тәулікте күкіртті сутегінің мөлшері бір текше метрге 22,6 мкг болып тіркелген. Бұл көрсеткіш рұқсат етілген шекті нормадан 20 есе көп.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық ауада күкіртті сутек болмауы тиіс. Ал оның көп мөлшері бас және жүрек айнуын туындатады.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Атырауда күн сайын дерлік ауа сапасының нашарлайтынын хабарлап отыр. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, атап айтқанда атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлар әсер етеді. Оның ішінде тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия жиынтығы бар.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа сапасы 34 стансадан бақыланады. Оның ішінде "Қазгидромет" АҚ өңірлік филиалының балансында – 11, Атырау мұнай өңдеу зауытына тиесілі – 4, "Норт Каспиан Оперейтинг Компани" компаниясының иелігінде 19 станса бар.

Атырау ауа күкірт Казгидромет

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!