Новости Казахстана28 апреля 2023, 18:16

Атырау тұрғындары бір тоннадан астам балықпен ұсталды

Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 және 1991 жылы туған аудан тұрғындарының басқаруындағы қайықты тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіленгені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді ІІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Маңғыстау полицейлері 200 келіге жуық бекіре балығын тәркілеген еді. Сонымен қатар, Орал қаласының тұрғынынан 28 келі қара уылдырық пен 157 келі бекіре тәркіленген болатын. Сондай-ақ, сәуір айының басында Маңғыстау облысы тұрғынының үйінен 50 келіге жуық бекіре балығы табылды. Ал наурыз айының соңында Атырау облысында жергілікті тұрғынды тексеру кезінде заңсыз ауланған 417 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Атырау облысы Балық Қылмыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!