Атлант мұхитында апатқа ұшыраған "Титан" батискафы қалдықтарының арасынан адам сүйектері табылды
АҚШ-жағалау күзеті таяуда Атлант мұхитынлда апатқа ұшыраған "Титан" батискафы қалдықтарының арасынан адам сүйектері табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
ВВС-дің жазуынша, "Титаникке" дейінгі тереңдікке сүңгіген кезде жарылып кеткен сүңгуір қайық қалдықтары 28 маусымда Канаданың Сент-Джонс портына шығарылған.
АҚШ медицина қызметкерлері адам қалдықтарына ресми талдау жасамақ. Сондай-ақ, құрама штаттардың жағалау күзетінің теңіз оқиғаларын тергеу комиссиясы (MBI) дәлелдерді ары қарай талдап, зерттеу үшін америкалық портқа жеткізуді көздеп отыр.
MBI төрағасы, капитан Джейсон Нойбауэр "Титанның" апатқа ұшырауына себеп болған факторларды анықтап, мұндай қайғылы оқиға қайталанбас үшін әлі ауқымды жұмыс атқаруымыз керектігін атаған.
Батискаф 18 маусымда су астына сүңгіп кеткеннен кейін 90 минуттан соң жарылып, борттағы бес адам қайтыс болған еді.