Астанадағы құрылыс компаниялардың «қара тізімі» жарияланды
Елордада құрылыстың бастапқы сатысындағы үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Arbat.media Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Қолданыстағы заңнаманы айналып өту кезінде жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жарамсыз болып саналады.
Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада заңсыз салынып жатқан 76 құрылыстың жұмысы тоқтағаны туралы жазған едік.