Астанадағы Гранд Слэм турниріне Ресей дзюдошылары қатысатын болды
Астанда дзюдодан 16-18 маусым күндері өтетін "Qazaqstan Barysy Grand Slam" турнирінде Ресей дзюдошылары күресетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлемдік спорт қауымдастықтары Ресей құрамаларын жарыстан шеттеткенімен халықаралық дзюдо қауымдастығы ресейлік спортшыларға бейтарап құрама атынан күресуге мүмкіндік берген. Астанада өтетін айтулы турнирде көрші елдің татами шеберлері бейтарам құраманың қатарында күреседі. Яғни, олар жеңіске жеткен жағдайда РФ-ның әнұраны ойнатылмайды.
Ерлер:
-60 кг: Аюб Блиев, Гамзат Заирбеков
-66 кг: Яго Абуладзе , Абрек Нагучев
-73 кг: Махмадбек Махмадбеков, Аюб Хажалиев
-81 кг: Хасан Халмурзаев, Адам Цечоев
-90 кг: Хусен Халмурзаев, Мансур Лорсанов
-100 кг: Нияз Билалов, Матвей Каниковский
+100 кг: Тамерлан Башаев, Валерий Ендовицкий
Әйелдер:
-48 кг: Кристина Дудина
-52 кг: Глафира Борисова, Карина Ефимова
-57 кг: Дарья Курбонмамадова, Ирина Зуева
-63 кг: Дали Лилушвили, Камила Бадурова
-70 кг: Мадина Таймазова, Дарья Храмойкина
-78 кг: Александра Бабинцева, Антонина Шмелева
+78 кг: Элис Старцева, Мария Иванова
Мамыр айының басында Катар астанасы Дохада өткен әлем чемпионатында Ресей дзюдошылар белдескен болатын. Олардың арасында +100 келіде күрескен Инал Тасоев финалға шығып күміс жүлдегер атанды. Алайда ол белдесу барысында француз дзюдошысына ұпай есептелетін әдіспен алып соққан еді. Бірақ төрешінің есептемеуі салдарынан оның әдісі ескерілмей, нәтижесінде күміспен қайтқан болатын.
Жанкүйерлер наразылығынан кейін Халықаралық дзюдо қауымдастығы (IJF) Инал Тасоевтың әдісіне қайта сапаптама жасап, оның Дохада әлем чемпионатының жеңімпазы деп таныды. Алайда сол жолы алтын медаль иеленген франциялық Тедди Ринерге күміс жүлде берілмейді. Ол да Инал Тасоевпен бірге аталған біріншіліктің жеңімпазы деп саналатын болды.