Астанада үйдің ауласынан әйелдің денесі табылды
Астанада үйдің ауласынан әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
2023 жылғы 19 қыркүйекте Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үй ауласынан әйелдің денесі табылды (зорлау белгілері жоқ). Қазір қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 53 жастағы елорда тұрғыны.
Полиция департаментінің дерегінше, бүгінде сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Поделиться
Читать Arbat media в