Новости Казахстана29 сентября 2023, 9:00

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің саммиті өтеді

Қарашада Қазақстанның төрағалық етуімен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының қатысуымен 10-шы мерейтойлық саммит өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мәлім етті.

«Бүгін біздің институт Түркі мемлекеттері ұйымының зерттеу орталықтарының отырысын өткізіп жатыр. Биыл 3 қарашада Астанада Қазақстанның төрағалық етуімен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының қатысуымен 10-шы мерейтойлық саммит өтеді. Осыған орай қалыптасқан дәстүр бойынша сарапшылар саммит алдында жиналып отыр. Айтылған негізгі ойлар мен ұсынымдар мемлекет басшылығына ұсыныс ретінде жолданады» - деді Еркін Тұқымов елордада өтіп жатқан түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ, институт басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің өзара әрекеттесуіне тоқталды.

«Түркі кеңесінің Түркі мемлекеттері ұйымына айналуы ынтымақтастығымыздың тереңдей түскенін көрсетті. Бұл елдеріміздің бірлескен тарихындағы жаңа белесті белгіледі. Біз алдымызға экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге және көліктік өзара байланысты дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттар қойып отырмыз», - дейді ол.

Түркі мемлекеттері ұйымы саммит Астана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!