Астанада қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілініп, тергеу басталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған ақпаратты еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растап отыр.
Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Әлия Қожабаева ұсталды.Сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.
Ә.Қожабаева Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы ақпан айында тағайындалған еді.
Әлия Қожабаева 1977 жылы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Қарағанды "Фемида" заң академиясын, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Поделиться
Читать Arbat media в