Астанада Парламенттің бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Arbat.media.
Рarlam.kz-те жария болған мәлімет бойынша басқосу 21 маусымда өтпек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 21 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын, - деп жазылған Өкімде.
Поделиться
Читать Arbat media в