Новости Казахстана21 сентября 2023, 13:43

Астанада оқушы жоғарғы қабаттан секіріп өлді

Астана ПД баспасөз қызметі көпқабатты үйден жасөспірімнің секіріп өлгені туралы мәлімдеме таратты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан терезеден секірген жасөспірімнің мәйіті табылды. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы орайда ресми ақпаратқа сүйенуді сұраймыз», - делінген полиция дерегінде.

Ақпаратта айтылғандай, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру процесі мен өзге де деректер жарияланбайды.

Ал Астана білім басқармасы қайғылы жайтқа мынадай түсініктеме берді:

Оқушының қайғылы қазасы фактісі бойынша тергеу шаралары басталды. Тергеу барысында оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталады. Қаланың білім басқармасы марқұмның отбасына көңіл айтады.

Астана Оқыс оқиға Жасөспірім Терезеден құлау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!