Новости Казахстана10 июля 2023, 14:33

Астанада ондаған курьерлер наразылық шеруіне шықты

Елордада  "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шығып, қала ішіндегі жолмен жүріп өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ереуілшілердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде кеңінен таралып кетті. Астана қалалық полиция департаменті ондаған мопедшілер жиналғанын ресми мәлімдеді. 

ЕХРО аумағында еңбек жағдайларына наразы болған "Яндекс" компаниясының курьерлері жиналды. Содан кейін жастар Қабанбай батыр даңғылындағы "Қазақстандық күн" монументіне скутерлермен барды. Олар жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, - деп жазылған ПД таратқан мәліметте. 

Оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізгенін атады. 

Мопедпен наразылық танытқандар ӘҚБтК-нің 615-бабы, 1-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының қозғалыс ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. 

Таксимен табыс тауып, курьерлікпен күн көретіндерге 1 шілдеден бастап салық салу қолданысқа енген еді. Еңбек министрлігі Қазақстанда 500 мыңнан астам курьер барын мәлімдеді. Олардың бірі жеткізу қызметінде бірнеше жылдан бері жұмыс істегендіктен министрлік айына жарты миллион теңгеге жуық жалақы алатынын атады. Бұл ретте қыметтің бұл түрін атқаратындар салық төлеуге міндетті деп танылған. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!