Новости Казахстана9 февраля 2023, 17:31

Астанада ЭКСПО шарынан Түркия туы көрсетілді

Астанада ЭКСПО аумағындағы "Нұр Әлем" сферасында Түркия туы бейнеленді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстан жойқын түрік халқына тілеулестігін осылай білдірді. 

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында 7,8 балдық жер сілкінісі болып он мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен бірге жараланғандардың саны өте көп тіркелді. Қайғылы оқиғадан кейін Түркиядан бір апта бойы аза тұту жарияланды. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік басшысына көңіл айтып, құтқару қызметін аттандырды. Сондай-ақ, Қазақстанда Түркиядағы апатқа орай 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлгенін мәлімдеді.

апат кезінде Қазақстанынң 4 азаматы жоғалып кеткені белгілі болды. Олардың біреуі Сәбина Мамадиярова үйінді астынан аман табылды. Ол зілзала кезінде қолын сындырған. Қазір тиісті медициналық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, тағы екі қазақстандықтың үйінді астында қалған аумағы анықталды. Олардың бірі Мирболат Құрмашевтің ағасы шұғыл көмек керектігін айтып, дабыл қаққан болатын. 

 

түркия Апат Зілзала Қазақстан

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!