Новости Казахстана1 июня 2023, 22:17

Астанада дзюдодан «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі өтеді

Астанада дзюдодан «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі өтетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

16-18 маусым аралығында «Барыс Арена» спорт кешенін Grand Slam бәсекесінің кезекті турнирі Қазақстанға қайтйа оралғалы отыр. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен енгізілген бұл жарысқа барлығы 400-ден астам спортшы қатыспақ.

Рейтингтік дода барлық татами шеберлері үшін келесі жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алуға мүмкіндік болып отыр. Бұдан бөлек, «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирі аяқталғаннан кейін елімізде дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері тұрақты негізде өткізіліп отырады. 

Дзюдодан Қазақстан құрамасы IJF Grand Slam жарыстарында осы уақытқа дейін 7 алтын, 14 күміс және 36 қола медаль еншілеген. Қазір республика бойынша дзюдошылар саны 90 мыңға жетті. Бапкерлер саны – 1304 адам.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылдың ақпан айында Қазақстан дзюдо федерациясы елімізде Grand Slam әлемдік турнирін өткізу үшін Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Әдетте Grand Slam турнирінде өтетін қаланың аты жазылса, Қазақстан дзюдо федерация жарыс атауын «Qazaqstan barysy Grand Slam» деп бекіткен. 

Енді кезекті турнир "Барыс Аренада" өтіп, жанкүйерлер үшін доданы тамашалау тегін болады. 

Сонымен қатар, Grand Slam бәскесінде дзюдошыларға 1 орын үшін 1000 ұпай, 2 орын үшін – 700 ұпай, 3 орын үшін – 500 ұпай беріледі. 

 

Дзюдо «Qazaqstan barysy Grand Slam» Астана

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!