Новости Казахстана17 апреля 2023, 23:02

Астанада дәлізде іш киімін шешкен ер адам іздестіріліп жатыр

Астана қаласының Полиция департаменті көппәтерлі тұрғын үй кешенінің бірінде лифт маңында іш киімін шешкен ер адамға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Іш киімін шешкен ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Пікір қалдырған қала тұрғындарының көбісі бала-шағасының қауіпсіздігі үшін алаңдап, бейнежазбадағы ер адамды қамау керек деген ойларын жазған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адам ұсталса, заң аясында жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. Құқық бұзушы ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.


 

 

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!