Новости Казахстана12 июня 2023, 14:12

Астанада бас мемлекттік ту төмен түсірілді

Астанадағы бас мемлекеттік ту Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты төмен түсірілді, деп хабарлайды Arbat.media.

Жарияланған аза тұту күніне байланысты 12 маусым күні сағат 00:00-ден бастап барлық мемлекеттік және әкімшілік ғимараттардағы тулар ту бағанының биіктігінің жартысына дейін түсірілуі қажет. Сондай-ақ бүкіл ел бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды

Қазақстан бойынша ең үлкен туы Астананың орталығындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орналасқаны белгілі. Көлемі 450 шаршы метр болатын байрақтың салмағы 100 келіге дейін жетеді. Ені – 15 метр. Ұзындығы 30 метрді құрайды. 

Абай облысында бірнеше күннен бері жанып жатқан өрт кезінде орман шаруашылығының 14 қызметкері қайтыс болған еді. Кейін өңірге арнайы сапар барысында президент тілсіз жау шарпыған аумақты аралап, жақындарынан айырылған адамдармен кездесті. Кейін марқұмдардың қазасына орай елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Аза тұту Ту Байрақ

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!