Астанада 60-тан астам көша атауы ауысады
Бұл туралы Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media El.kz-ке сілтеме жасап.
Молдабаеваның хабарлауынша, 60-тан астам көше мен 15 мектептің атауын өзгертуге қатысты дайын ұсыныстар бар. Бұл ұсыныстар алдағы ономастикалық комиссия отырысының күн тәртібінде қаралады.
Ол елордада 17 даңғыл, 4 автомагистраль мен 1110 көше бар екенін айтты. Олардың басым бөлігіне 1997 жылдан бері танымал тұлғылардың есімдері берілген.
Поделиться
Читать Arbat media в