Новости Казахстана5 июля 2023, 15:55

Астана халқы 2030 жылға қарай 2 млн адамға жетеді - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында 2030 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2 млн адамға дейін жететінін атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Президент Астананың аумағының 3 есе кеңейгенін атап, халық саны 4 есеге көбейгенін жеткізді. 

«Орнықты даму саласындағы БҰҰ мақсаттарының бірі қаланы дамытуға арналған. Бұл кездейсоқ емес. Қазақстанда біз осы бағытқа ерекше назар аударамыз. Әлемнің жылдам дамып келе жатқан астаналарының қатарына кіретін елордамыз басқа қалалардың дамуына үлгі болады. Өткен ширек ғасырда еліміздің бас қаласының аумағы 3 есе ұлғайып, халқының саны 4 есе өсті, - деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен бірге ол алдағы 7 жылда астаналықтардың саны 2 млн шамасын құратынын ерекше атады.

Сарапшылардың болжамы бойынша елорда тұрғындарының саны 2030 жылға қарай 2 миллионға жетеді. Ел астанасы мәртебесіне ие болған сәттен бері қаланың экономикалық әлеуеті 100 еседен астам артты. Қазір қала экономикасы елдегі жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздан астамын құрайды, - деді президент. 

Астана Қасым-Жомарт Тоқаев Астана күні

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!