Новости Казахстана10 февраля 2023, 13:05

"Астана тұрғындарын шектеу керек" - Несіпбек Айтов

Астана әкімінің есеп беру жиынында сөз алған ақын Несіпбек Айтов елордаға сырттан келушілер легін шектеу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды  Arbat.media.

Мемлекетік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтов Астана тұрғындарының күрт көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген. Мұның соңы алдағы уақытта түрлі мәселеге ұласуы мүмкін екендігін де атады.

Мына кейінгі 30 жылда қоғам мен жүйе алмасқаннан кейін жұрттың бәрі қалаға ағылып жатыр. 40 мыңдай оқушы келеді дейді. Астана созыла беретін резеңке емес қой. Сондықтан мен осы орайда Астанаға болашақта келушілерді шектеу керек. Астананың бұлай соза беретін болса, су мен басқа мәселелер туындай береді, - деді Несіпбек Айтов.

Сонымен бірге, ақын қала тұрғындарына мәселелерін айтуына шектеу қойып, есеп беру жиынын ерте аяқтау идеясын алға тартты. Алайда мәселемен келген тұрғындардың көптігіне байланысты Астана әкімі жұрттың ұсыныс талаптарын тыңдайтынын айтқан.

Мұнымен қоймай,  Несіпбек Айтов өз тарапынан зиялы қауым өкілдері деп саналатын ақын-жазушыларды жеке қабылдауды сұраған. Бұл бастама бойынша Жеңіс Қасымбек алда жазушыларды қабылдайтынын жеткізгені белгілі болды. 

 

Несіпбек Айтов Астана Әкім есебі Жеңіс Қасымбек

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!