Астана іргесіндегі қамыс өрті екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр
Астанада ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамысты екінші күн қатарынан сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсып жатқан аумағын сөндіріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы ТЖ орнына барып, өртті тез арада сөндіру үшін күштер мен құралдар топтамасын тиімді жұмылдырылуын, ТЖМ Казавиақұтқару авиатехникасын қосымша тартуды тапсырғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Қазавиақұтқару су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылып, бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы Қорғаныс министрлігінің және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 59 рет 198 тонна су төкті. Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды, - деп жазды ТЖМ ресми сайты.
Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен Клуб добряков еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз еткен.
Бұл ретте Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан ережелерді сақтауға кеңес беріп отыр.