Астана іргесінде 15 гектар алқапта қамыс жанып жатыр - Сырым Шәріпханов
Астананы түтінге ораған қала сыртында өрт туралы дерек белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Әлихан Смайыловқа Астана маңындағы қураған қамыстың тұтануынан басталған өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Оның сөзінше, Талдыкөл жақтағы сортаң жерде шамамен 15 га алқапта қамыс пен қураған ағаштар жанып жатыр.
Тілсізд жаудан тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоғы айтылып, өртті сөндіруге 158 адам және 33 техника жұмылдырылғаны белгілі болды.
Алайда өртті сөндіру жел екпінінің қатты болуы мен батпақ жерлер, сондай-ақ техника өтетін жолдардың болмауы себебінен қиындық тудырып отыр.
Поделиться
Читать Arbat media в