Новости Казахстана18 апреля 2023, 18:53

Әскери прокуратура: психологта есепте тұрған әскерилерге қару берілген

Елімізде психологтың есебінде тұрған әскерилерге қару берілген. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде өткен отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media ведомствоға сілтеме жасап.

Бас прокурордың айтуынша жауынгерлерге психологиялық көмек көрсету жұмысында кемшіліктер көп.

Елдегі психологтың бақылауында болған әскерилерге қару беріліп, кезекшілікке жіберілген. Арнаулы динамикалық бақылау тобындағы әскери тәуліктік нарядқа, атап айтқанда қарумен кезекшілікті атқаруға жол беру деректерін анықтады. Психологтарды даярлықтан өткізу талаптары орындалмады, - деп атап өтті Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Мақсат Қазиев оған не себеп болғанын да айтты.

Себебі – психолог мамандығында оқыған кейбір әскери қызметшілер өз саласын тиісті деңгейде меңгермеген. Жеке құрамның психологиялық тестілеуден ұзақ өтуі де мәселеге айналып отыр. Өйткені бұл құжаттар қағаз жүзінде қолмен толтырылады. Сондықтан бұл бағытта цифрлық технологияны қарқынды енгізу керек, - деді Мақсат Қазиев.

Бас әскери прокурор Әскер Қару психолог

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!