Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын үйқамаққа ауыстыруды сұрады
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сот отырысында қорғаушысы оны қамауда ұстау тәрбін үйқамаққа ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Arbat.media
Астананың Байқоңыр аудандық №2 сотында ісі қаралып жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы қамауда ұстау тәртібіне қатысты ұсыныс айтты. Адвокат өткен жылдың мамыр айының соңынна бері қамауға отырған айыпталушыны үйқамауқа ауыстыруға өтініш жасады.
Үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш жолдағанбыз. Жақында маған екінші рет ота жасалды. Денсаулық жағдайым нашарлап барады. Осы орайда үйқамаққа ауыстыру шешім дұрыс болар еді, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сонымен бірге экс-министр өзіне тағылған айыптың ешқайсысының дәлелденбегенін атады. Ол өзінің соған қарамастан әлі күнге қамауда отырғанын жеткізді.
Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот отырысы басталғаны туралы айтылды. Ол бүгінгі сотқа ауа райының қолайсыздығына байланысты жеткізілмегендіктен, онлайн режимде қатысты. Ақпан айында А.Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзім екі айға ұзартылған еді.