Новости Казахстана6 февраля 2023, 21:05

Арыстанбек Мұхамедиұлынан қысым көрген Тұңғышбай Жаманқұлов Мәжіліс сайлауына үміткер атанды

Арыстанбек Мұхамедиұлынан қысым көрген халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Алматы қаласындағы № 3 округтік сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Өнер қайраткері наурыз айында өтетін Мәжіліс сайлауында мажоритарлық жүйе бойынша депутаттыққа түспекші. Белгілі әртістің шешімі туралы құқыққорғаушы Вадим Курамшин Facebook әлеуметтік желісінде жариялады. 

Қазақстанның халық артисі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Әл-Тарази Алматы қаласы бойынша үшінші сайлау округіне Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде тіркелуге өтініш берді, деп жазды Вадим Курамшин.

Осыдан алты жыл бұрын Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильміне бөлінген қаржыны мақсатсыз жұмсады деген айыппен 7 жылға шартты түрде сотталған еді. Үкім шығарған сот әртіске мемлекеттік органдарда басшы қызметін атқаруға бес жылға тыйым салған болатын. Кейін Тұңғышбай Жаманқұлов сұхбатында базалық деректе сотталғаны туралы деректің қалмағанын айтқан.

Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлынан қуғын көріп жүрген шағында жындыханада да жатып шыққанын жасырмай мәлімдеген еді. 

Мәжіліс сайлауына үміткерлерді тіркеу 18 ақпанда аяқталады. Мажоритарлық жүйе бойынша сайлау округтерінің саны — 29 құрап отыр. Биылғы жаңадан сайланатын Мәжілістің 30%-ын бір мандатты жүйе негізінде құрылмақ. Қалған 70%-ын партиялық тізімдер арқылы сайланады. 

Тұңғышбай Жаманқұлов сайлау Мәжіліс депутат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!