Арыстанбек Мұхамедиұлына жаңа айып тағылды
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы да сот алдында жауап беріп жатыр, бұл жолы оған рейдерлік жолмен ЖШС директорының кәсібін тартып алды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды
Айыптау деректеріне сәйкес, 2019 жылы «Дипломат» қонақүйіне иелік етіп отырған К. есімді кәсіпкер А.Мұхамедиұлынан көмек сұраған. Мұхамедиұлы болса ол кәсіпкерге 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 71 пайыз капиталын қайын енесінің атына рәсімдеуді сұраған. Тергеу тарапы экс-министр сол кезде қонақүйді өз билігіне алуды жоспарлаған деген пайымда.
Мәміле жасалғаннан кейін бірнеше уақыт өтіп, А.Мұхамедиұлы К. есімді кәсіпкерден капиталдың қалған 29 пайызын беруін талап еткен. Тиісінше ол бас тартқан. Содан кейін айыпталушы «Дипломат» қызметкерлеріне өзін осы кешен иелерінің бірі ретінде көрсетіп, олардан ЖШС директорын қонақүйге кіргізбеуін тапсырған. Деректерге сай, артынша А.Мұхамедиұлы серіктестік қатысушыларының жиналысын ұйымдастырып, хаттаманы қолдан жасап, ЖШС басшысы атанады.
Сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы тағылған айыппен келіспеді.