Новости Казахстана16 июня 2023, 18:02

Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта ату жазасына да дайын екенін мәлімдеді

Астанада өтіп жатқан сотта Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылы қамауға алынған экс-министр ақша жымқыруға қатысты тағылған айыпты мойындамады. Сонымен бірге, ол  сот кезінде жемқорлықты дәлелдейтін бірде-бір дәлел болмағанын атады. 

Құрметті судья, барлық жазаға келісемін. Тіпті ату жазасы болса да дайынмын. Бірақ жымқырды дегенмен мүлдем келіспеймін.  "Өлімнен ұят күшті" деген нақыл сөз бар, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Былтыр 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлы айыпталған болатын. Оған “Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген қисапсыз қаржыны жымқырды деген айып тағылды. 

 

 

Арыстанбек Мұхамедиұлы сот Айыптау

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!