Новости Казахстана13 апреля 2023, 20:10

Аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-мен келісімшарт жасады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-ге өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандағы лигада өнер көрсеткен спортшы әлемдегі ең үздік промоушенге қадам басып отыр. Ол осыған дейінгі  16 кездесуінің барлығында айқы басымдылықпен жеңіске жеткен.  

Тарихта алғаш рет Қазақстандағы лига әлемдегі ең жақсы промоушенге жол ашты. Жеңілмеген Азат Мақсум OCTAGON лигасында сегіз мінсіз жекпе-жек өткізіп, лига чемпионы және өз салмағында ММА әлеміндегі ең жақсы перспективалардың бірі болды. Біз Мақсұмды UFC-ге қосқанымызды мақтан тұтамыз. Азат - OCTAGON лигасының жауынгерлер үшін ашатын мүмкіндіктерінің жарқын мысалы, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін UFC-мен Арман Әшім, Асу Алмабаевтың келісім жасағаны туралы ақпарат жария болған еді. Аталған спортшылар бұған дейін қазақстандық лигада өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шыға білді.

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!