Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшарт жасады
Қазақстандық жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Arbat.media
Тengrinews.kz-тің жазуынша, ақпаратты ең беделді UFC промоушені ресми сайтында жариялады.
Әзірше келісімнің егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Сонымен қатар, келісімшартқа қол қою туралы ресми ақпарат та әлі айтылмаған. Google-дан табылған ақпаратқа сәйкес, бұл ақпарат 4 сәуірде жария болды.
Бірақ спортшы мен оның менеджері Саят Әбдірахманов промоушенмен келісімшартқа отырғаны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Спортшының әлеуметтік желідегі парақшасында бұл туралы ақпарат жазылмаған.
Поделиться
Читать Arbat media в