Ақтөбеде жоғалған қыз үйіне өзі оралды
Ақтөбе қаласында жоғалған оқушы қыз үйіне өзі оралды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол анасымен ұрысып қалған соң үйден кетіп қалыпты. Кеше кешке үйден шығып кеткен қыз бүгін түстен кейін оралды.
"Оқушы қыз үйіне оралды. Қайда болғанын сұрағанда, құрбысының үйіне қонғанын айтты. Анасымен ұрысып қалған соң үйден кетіп қалғанын жасырмай айтты. Түсіндіру жұмысы жүріп жатыр. Қыз ата-анасымен бірге тұрады. Осы оқиғадан соң отбасы есепке алынады ",- деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 2010 жылы туған Айзере Тілепбергенова Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесіндегі үйден кеше сағат 20:00-де шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге полициямен қоса, еріктілер жұмылдырылған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в