Ақтөбеде облысында шынжырмен қасқыр өлтірген тұрғынға іс қозғалды
Әлеуметтік желіде еліміздің азаматының далалы жерде қасқырды шынжырмен ұрған сәті туралы бейнежазба тарағаннан кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Полиция аталған азамтттың Ақтөбе облысының тұрғыны екенін анықтады.
Ырғыз ауданы ПБ-нің қызметкерлері қасқыр соққан жігіт ауданның 37 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ұсталған адам қасқыр малына шапқанын, содан кейін қасқырды мотоциклімен қуып жетіп, шынжырмен соғып алғанын түсіндірді, деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Қазір ауыл тұрғынына қатысты қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Поделиться
Читать Arbat media в