Ақтөбеде 16 жастағы бозбала асылып өлді
Ақтөбе қаласында 11-сынып оқушысы көршісінің сарайында асылып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.
16 жастағы бозбала 12 қыркүйекте кешке үйден шығып кеткен.
Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бозбала 13 қыркүйек күні көршісінің сарайынан табылды.
Полиция бөліміне көршілерінің сарайынан 2007 жылы туған кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша ҚР ҚК «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауының себебі анықталады.
Мектеп әкімшілігі болған жайды инспектордан естіген.
Поделиться
Читать Arbat media в