Новости Казахстана21 июня 2023, 20:45

Ақтөбе облысында жол апатынан тәжікстандық екі азамат қайтыс болды

 Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін таңертең Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдік азаматтар жол апатынан қайтыс болды. 

Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған.

Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарғаны белгілі болды. 

Жол апаты өлім Ақтөбе облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!