Новости Казахстана15 марта 2023, 18:54

Ақтөбе облысында үйлерін су басқан 91 адам эвакуацияланды.

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 51 тұрғын үй, 1 қоғамдық ғимараты, 1 тамақтану орнының ғимаратын су басты, деп хабарлайды Arbat.media.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытқа дейін су басқан аумақтан 91 адам қауіпсіз жерге көшірілген. 

Материалдық құндылықтарды эвакуациялау, инертті материалдарды тасымалдау, үйлерді инертті материалмен және қапшықпен нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:45-те Қобда ауданының әкімі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. ТЖ департаменті мен ЖАО күштерімен көшелерден, автожолдардан және аула аумақтарынан еріген қар суын айдау және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деді ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.

Бүгінде облыс бойынша барлығы 317 мыңнан астам текше метр су сорылған. 26,1 шақырым арық тазартылып, 7 420 м3 инертті материал әкелінді және Байғанин ,Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Темір және Шалқар аудандарында 4 120 дана қапшық төселді. Ұзындығы 75 метр уақытша бөгет салынып, Шалқар ауданында ұзындығы 50 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша елді мекендерден 524,9 мыңнан астам м3 қар шығарылғаны да хабарланды. 

Жергілікті жерлерде 400-ден астам техника, 20 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге, 454 адам қосымша жұмылдырылған. Бұл ретте Ақтөбе қаласында көшелері су басқан жоқ. 2 учаске бақылауда,онда еріген қар суыкелген кезде кезең-кезеңмен су сору жұмыстары жалғасуда. 

Оқи отырыңыздар: 

Arbat.media бұған дейін Батыс Қазақстан облысында су басқан аумақтарда құтқарылған адамдар туралы жазды. Апаттан кейін кешенді жұмыстар нәтижесінде өңірде су басқан аумақтағы 26 тұрғын өз үйлеріне қайтып оралды

Ақтөбе облысы Төтенше жағдай Қоғам Су басу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!