Новости Казахстана24 мая 2023, 19:49

Ақтауда жемқорлықтан тәркіленген қаржыға 2 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқор шенеуніктердің ақшасына Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында мектеп салынады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі құрылысы мен реконструкциясы Инфрақұрылымды қолдау қоры есебінен қаржыландырылатын орта білім беру нысандарының тізімі жария болды. 

Аталған құжатта жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражат есебінен салынатын 62 жоба тізімі дайындалған. Оның ішінде Ақтау қаласының 18 және 19а аудандарында әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп салынатын көрінеді.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тағы екі білім ошағы – Қызылтөбе ауылдық округіндегі "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында және Басқұдық ауылдық округінде  салынбақ. Осы арқылы үш ауысымда оқыту мәселесін шешеді.

Мектеп Жемқорлық Құрылыс

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!